"Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 4154 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сай "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сай Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      3. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Омар

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 4154 қаулысына 1 қосымша

"Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) экономикалық және бюджеттік жоспарлау, бюджеттік және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлім өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бөлім ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Бөлім егер ол заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, пошталық индексі: 070004.

      9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру;

      2) бюджеттік және инвестициялық саясаттың қаланың әлеуметтік-экономикалық басымдылығымен өзара әрекеттесуін жүзеге асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдау құқықтарын жүзеге асыру;

      өз құзыры шегінде міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдардан, басқа да мемлекеттік мекемеден бекітілген заңнамада белгіленген тәртіппен ақпаратты алу және сұрату;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысуымен мекемені құру, қайта құру, сонымен қатар, заңды тұлғаларды тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде Өскемен қаласы әкімі мен әкімдігінің, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      мекеме әзірлеуші болып табылған әкімнің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингті жүзеге асыруға және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету;

      мекеменің құзыреті мәселелеріне қатысты отырыстарға, жиналыстар мен кеңестерге қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      14. Функциялары:

      1) Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы бойынша даму жоспарының көрсеткіштері бойынша есеп дайындау;

      2) Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсеткіштерді әзірлеу және олар бойынша есеп дайындау;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген бюджет түсімдерін болжау әдістемесін, Өскемен қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бюджет түсімдерін болжау;

      4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және жергілікті бюджет негізінде жаңа бастамаларға арналған лимиттерді, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын, жоспарлы кезеңге арналған бюджет тапшылығының мөлшерін айқындау;

      5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы бойынша даму жоспарының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;

      6) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, бюджеттік бағдарламалардың заттай қолданыстағы заттай нормалары мен жобаларына сәйкес тұрғысынан қарау;

      7) бюджет жобасын әзірлеу және оны қалалық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізу, қаланың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсыну;

      8) қала бюджетін нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      9) қаланың атқару органдарының бюджеттік бағдарлама жобаларын келісімдеу;

      10) азаматтық бюджетті жасау, мемлекеттік және орыс тілдерінде, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде мекеменің ресми интернет-ресурсында, сонымен қатар баспа бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

      11) бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін (түзетуге) әзірлеуге бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестциялық ұсыныстарын қарау, олар бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджеттік комиссияның қарауына жіберу;

      12) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету, сонымен қатар сәйкес таратылатын бюджеттік бағдарламаның қаражаттары есебінен олар бойынша іске асырылатын қажетті техникалық-экономикалық негіздемені өткізу;

      13) заңнамаға сәйкес әзірленген, техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптаманың қорытындысын қарау;

      14) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган техникалық-экономикалық негіздеуді әзірлеуді талап етпейтін, олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуі, растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және олар бойынша қорытындыны қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсынысының оң экономикалық қорытындысын ескере отырып, қалалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;

      15) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырылу барысы туралы жылдық мониторингті мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындау және облыс әкімдігіне ұсыну;

      16) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру;

      17) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      18) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес инвестициялық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, Қазақстан Республикасының Үкіметі және халықаралық қаржы ұйымдары (бұдан әрі – ХҚҰ) арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыруға қатысу;

      19) қалалық мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тарту бойынша ХҚҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі қызметін үйлестіру;

      20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған оның құзыретіне сәйкес Бөлімнің сұрақтарын шешеді;

      2) бөлімнің құрылымын дербес анықтайды;

      3) бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады;

      4) бөлім қызметкерлерінің өкілеттілігін анықтайды;

      5) бөлімнің мүдделерін барлық ұйымдарға ұсынады;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды және оған дербес жауапкершілік тартады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      19. Бөлімнің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлім өзіне меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 4154 қаулысына 2 қосымша

Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулылардың тізбесі

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 295 "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы.

      2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 385 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 295 "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі өзгеріс енгізу туралы" 2 қаулысы.

      3. Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 01 сәуірдегі № 1346 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 295 "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

      4. Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 1501 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 295 "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

      5. Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 шілдегі № 3026 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 295 "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады