Білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасынан айырылған немесе кәмелетке толғанға дейін қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 476 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасынан айырылған немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі Э. Тумашинов

  Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 476 қаулысына
1 қосымша

Кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасынан айырылған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі.

№    

Кәсіпорынның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Қызметкерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

"Шахан Ата ӨКФ" ЖШС

130

1

1

2

ШҚО білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Тархан орта мектеп-балабақша" кешені" КММ

55

2

1

3

ШҚО білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің "Белоусовка негізгі мектебі" КММ

53

2

1

  Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 476 қаулысына
2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі.

№    

Кәсіпорынның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Жұмыскерлердің тізімділік санынан пайыздық мәндегі квотаның мөлшері

Жұмыс орындар саны

1

"IZOTERM" ЖШС

211

1

2

2

"Шахан Ата ӨКФ" ЖШС

130

1

1

  Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 25 қарашадағы
№ 476 қаулысына
3 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі.

№    

Кәсіпорынның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Жұмыскерлердің тізімділік санынан пайыздық мәндегі квотаның мөлшері

Жұмыс орындар саны

1

"IZOTERM" ЖШС

211

1

2

2

"Шахан Ата ӨКФ" ЖШС

130

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады