Алтай ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7), 8) 9) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына 2022 жылға сәйкес Алтай ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына 2022 жылға сәйкес Алтай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Алтай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      4. "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) қаулының көшірмесін Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан орынбасары Ж.А. Аскароваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі К. Байгонусов

  Алтай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "13" қантар
№ 7 қаулысына
1-қосымша

2022 жылға арналған Алтай ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

№ р\н

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері
( % )

Жұмыс орындарының саны, адам

1

2

3

4

5

1

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

94

3%

3

2

"Alem-Oil" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі

63

5%

3

3

"Алтай ауданының мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

158

1%

2

4

"Новатор-5" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

14

30%

4

  Алтай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "13" қантар
№ 7 қаулысына
2-қосымша

2022 жылға Алтай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

№ р\н

 
Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері
( % )

Жұмыс орындарының саны, адам

1

2

3

4

5

1

"Фаворит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

183

1%

2

2

Алтай ауданы әкімдігінің "Жылу-су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

846

1%

8

3

"Зырян Тәртіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

51

2%

1

  Алтай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "13" қантар
№ 7 қаулысына
3-қосымша

2022 жылға Алтай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

№ р\н

 
Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері
( % )

Жұмыс орындарының саны, адам

1

2

3

4

5

1

"Фаворит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

183

1%

2

2

Алтай ауданы әкімдігінің "Жылу-су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

846

1%

8

3

"Зырян Тәртіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

51

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады