Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Денсаулық сақтау министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Алтай ауданында білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын ата-анасынан айырылған немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Алтай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Алтай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. А. Асқароваға жүктелсін.
6. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтай ауданының әкімі | Е. Мустафин |
Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 564 қаулысына 1-қосымша |
2023 жылға арналған Алтай ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі
№ п\п | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Қызметкерлердің тізімдік санынан квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны, адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 93 | 3% | 2 |
2 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтай қаласының № 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 110 | 3% | 3 |
Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 564 қаулысына 2-қосымша |
2023 жылға арналған Алтай ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі
№ п\п | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Қызметкерлердің тізімдік санынан квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны, адам |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1 | Алтай ауданы әкімдігінің "Алтай қаласының жылу-су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 534 | 1% | 5 |
2 | "Зырян Тәртіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 2,5% | 1 |
Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 564 қаулысына 3-қосымша |
2023 жылға арналған Алтай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі
№ п\п | Ұйымдардың атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Қызметкерлердің тізімдік санынан квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны, адам |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1 | Алтай ауданы әкімдігінің "Алтай қаласының жылу-су орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 534 | 1% | 5 |
2 | "Зырян Тәртіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 5% | 2 |