Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №126 "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" және 2020 жылғы 13 мамырдағы №105 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №126 "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулылары жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ғ.Есқалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 152 қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) білім саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың қосымшаға сәйкес ведомстволары бар.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, № 72 үй.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Батыс Қазақстан облысы аумағында мектепке дейiнгі, орта жалпы, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсiптік бiлiм беру жүйесiндегi мемлекеттiк басқару қызметін іске асыру және балалардың құқығын қорғау болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдарда, сотта Басқарманың мүддесін білдіреді;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтер сұратады және алады;
өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдайды;
өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар береді;
облыстың білім беру мекемелері мен ұйымдарында тексеру жүргізеді;
білім беру мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, көрмелер, кеңестер өткізеді;
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жұмысшылар мен мамандар даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын конкурстық негізде орналастырады.
2) міндеттері:
білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында кепілді ақысыз орта білім алуын қамтамасыз ету;
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіптік бағдарлауға бағытталған білім беруге қажетті жағдай жасау;
қоғамның өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне және жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес облыстың білім беру жүйесін дамыту және әлеуметтік қорғау;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың аймақтық есебін жүргізуді ұйымдастыру;
білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту, қаржылай қамтамасыз етілуін жақсарту;
білім беруде, соның ішінде білім беру мекемелерін басқаруда инновациялық процестерді кеңейту;
білім беру органдарының өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен қызмет аясын кеңейту;
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу;
баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, отбасы мен балаларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) аймақтық бағдарламаларды және білім беруді дамытудың жоспарларын әзірлейді;
2) білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді, облыс аумағындағы барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіреді;
3) білім беру процесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талдайды, қорытады және енгізеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кадрларды аттестаттауды өткізеді;
5) облыстың білім беру жүйесінің жай-күйіне сараптамалық талдау жасайды, оның даму үрдістерін айқындайды;
6) оқыту технологиясы саласында инновациялық саясатты жүргізеді;
7) балаларды әлеуметтік қорғау және құқығын қорғау жөніндегі қызметтер мен ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) білім беру жүйесінің негізгі қорларын сақтау, дамыту және жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асырады, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мекемелері мен ұйымдарына күрделі жөндеу және құрылыс жасауды жоспарлайды;
9) білім берудің мемлекеттік емес секторының, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жаңа үлгілерінің дамуына ықпал етеді;
10) баланың тәнін және (немесе) жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық іс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерін қорғау жұмыстарын үйлестіреді;
11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарма бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарма бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқарманың басшысы орынбасарларының, бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің және аудандардың, қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) Басқарманың қызметкерлерін және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін, аудандардың, қалалық білім беру бөлімдерінің бірінші басшыларын ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4- тарау. Басқарманың мүлкі
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың және оның ведомстволық қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
2) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
3) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
4) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
7) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
10) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
11) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
12) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
13) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
қосымша |
1) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Батыс Қазақстан индустриалды колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал "Сервис" технологиялық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Сервис және жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
5) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал ақпараттық технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
7) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Жаңақала колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
8) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "М.Б.Ихсанов атындағы Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
9) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Теректі колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
10) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
11) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бәйтерек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
12) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
13) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақсай техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
14) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
15) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бөкей ордасы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
16) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Сырым колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
17) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Тасқала колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
18) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Қаратөбе колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
19) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
20) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
21) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Жоғары аграрлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
22) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Құрманғазы атындағы саз колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
23) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бөрлі колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
24) "Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп -лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) "Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) "Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) "Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім –инновация" мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
30) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
31) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
32) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Дарын" қосымша білім орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
33) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақжайық ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бәйтерек ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөкей ордасы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Бөрлі ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Казталов ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
43) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Қаратөбе ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
44) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Сырым ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
45) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Тасқала ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
46) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Теректі ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
47) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Шыңғырлау ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
48) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Орал қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
49) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы "Аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
50) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
51) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Қалалық психологиялық- дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
52) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
53) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
54) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.