Жәнібек ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 166 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қылмыстық-атқару Кодексіне", Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жәнібек ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін белгіленсін:

      осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін отыз пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      2. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Жәнібек ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Лауазымы Аты-жөні

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 желтоқсандағы
№166 қаулысына 1-қосымша

Жәнібек ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Елнұр" шаруа қожалығы

3

30%

1

2

"ЖАҒА" шаруа қожалығы

3

30%

1

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 желтоқсандағы
№166 қаулысына 2-қосымша

Жәнібек ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

БҚО әкімдігінің ветеринария басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жәнібек аудандық ветеринариялық станциясы" МКК

43

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады