Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 593 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық–атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13598 тіркелген) сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде.

      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы (Б.Ахметжанов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Бисакаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі М.Токжанов

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 593 қаулысына 1 қосымша

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Бәйтерек ауданының білім беру бөлімінің Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

1

1

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 593 қаулысына 2 қосымша

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

2

1

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 593 қаулысына 3 қосымша

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"АСФА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

148

2

3

2

"Каверина" жеке кәсіпкерлік

50

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады