"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әскери қызметшiлердiң әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 1008 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасында әскери қызметшiлердiң әкiмшiлiк қамауды өтеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 319 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидалары бекiтілсiн.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери полиция органының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамаққа алуды (бұдан әрі – қамаққа алынғандар) өтеу тәртібін айқындайды.";

      бүкіл мәтін бойынша "қамауға", "қамауды", "қамауда" деген сөздер "қамаққа", "қамаққа алуды", "қамақта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Гауптвахтаға қамауға алынған адамды қабылдауды гауптвахта бастығы тәулік бойы, ал ол болмаған жағдайда кезекші ауысым бастығы жүргізеді, ол:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың бар болуын тексереді;

      2) қамаққа алынған адамға сұрақ қояды және жауабын оның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексереді;

      3) әскери полиция органы медицина қызметкерінің (фельдшердің) қатысуымен медициналық қарап-тексеруді онымен жынысы бір адам жүргізеді.

      8. Гауптвахтаға қамаққа алынған адамды жеткізген адам гауптвахта бастығына, ал ол болмаған жағдайда кезекші ауысым бастығына мынадай құжаттарды:

      1) өзі қол қойған (электрондық цифрлық қолтаңбасы) және соттың мөрiмен бекiтiлген әкімшілік қамаққа алу туралы судьяның қаулысын;

      2) жазаны өтеу кезеңінде қамаққа алынған адамды жабдықталымның барлық түрінен алу туралы әскери бөлім командирі бұйрығының көшірмесін не одан үзіндіні;

      3) қамаққа алынған адамның жеке басын куәландыратын құжатты;

      4) әскери бөлімнің (мекеменің) лауазымды адамы және қамаққа алынған адам қол қойған жеке заттар тізімдемесін (екі данада) ұсынады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Гауптвахтаға қамаққа алынған адамды қабылдау, сондай-ақ сақтауға қабылданған құндылық туралы әскери полиция органының құпия емес іс жүргізуінде тіркелетін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамаққа алынған адамды қабылдағаны туралы қолхат үш данада жасалады.

      Қолхаттың бiрiншi данасы әскери бөлiмде (мекемеде) тіркеу және есепке алу үшiн әскери қызметшiнi жеткiзген адамға, екiншiсі – қамаққа алынған адамға берiледi, үшiншiсі – қамаққа алынған адамның жеке ісіне тігіледі.

      Гауптвахта бастығы болмаған кезде қабылданған қамаққа алынған адам туралы кезекші ауысым бастығы ол келісімен баянатпен баяндайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қамаққа алынған адам гауптвахтаға қамалған кезде гауптвахтада өзге негіз бойынша ұсталатын басқа әскери қызметшіден бөлек мынадай талаптар сақталып орналастырылады:

      1) офицерлер – қатардағы жауынгер мен сержант құрамының лауазымында келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлерден бөлек;

      2) мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлер – Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген әскери қызметшiлерден бөлек;

      3) әскери қызметшi әйелдер – ер адамдардан бөлек;

      4) қамаққа алынған әртүрлі инфекциялық аурумен ауырған адам жеке және дені сау әскери қызметшіден бөлек ұсталады.

      Қамаққа алынған адамды камера бойынша орналастыруды гауптвахта бастығы немесе кезекші ауысым бастығы жүргізеді.

      Оқшаулау қамаққа алынған адамның барлық жүріп-тұруы кезінде қамтамасыз етіледі. Қамаққа алынған адамның жүріп-тұруы кезінде айдауыл бірге жүреді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қамаққа алынған адамға кезекші ауысым бастығы жеке тінту жүргізеді, одан кейін қолын қойғызып, гауптвахтадағы ішкі күн тәртібімен таныстырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қамаққа алынған адамның бар болуын кезекші ауысым бастығы камера бойынша атаулы тiзiм бойынша таңертең және кешке тексередi.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Жуыну керек-жарағы қамаққа алынған адамға дәретханаға шыққан уақытында беріледі, одан кейін кезекші ауысым бастығының қарап тұруымен камерадан тыс орналасқан қамаққа алынған адамның жуыну керек-жарағын сақтауға арналған құлыпқа жабылатын шкафқа қайта қойылады.

      27. Қамаққа алынған адам таңертеңгі және кешкі жуыну үшін санитариялық тораппен жабдықталған камерада ұсталатын қамаққа алынған адамды қоспағанда, айдауылмен алып жүрушінің бірге жүруімен камерадан мынадай тәртіппен:

      ортақ камерада ұсталатындар – камера бойынша;

      жеке камерада ұсталатындар – бір-бірден кезектілік ретімен шығарылады.

      Әскери қызметші әйелдерге жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін қосымша уақыт беріледі.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Кезекші ауысым бастығы қамаққа алынған адамның заттары мен азық-түлік өнімін сақтауға қабылдайды.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Тыйым салынған заттарды сақтау үшін осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен гауптвахта бастығына, ал ол болмаған жағдайда кезекші ауысым бастығына тапсырылады, оның көшірмесі қамаққа алынған адамның жеке ісіне тіркеледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Жеке камераға қамаққа алу түрiндегі жазаны гауптвахта бастығы қолданады.

      Жеке камераға қамаққа алу туралы кезекші ауысым бастығы баянатпен гауптвахта бастығына баяндайды, соңғысы ол туралы жоғары бастыққа баяндайды.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Қамаққа алынған адамның тамақтанудан бас тарту фактісі анықталған кезде кезекші ауысым бастығы гауптвахта бастығына баяндайды. Гауптвахта бастығы оның себебін анықтайды және әскери полиция органының бастығына баяндайды.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінің қамаққа алу мерзімінің аяқталу қарсаңында гауптвахта бастығы оны алып кетуге бөлім өкілін жіберу үшін әскери бөлімнің командиріне босату уақыты туралы хабарлайды және кезекші ауысым бастығына кезекшілікті қабылдау және тапсыру кітабымен бірге тапсырылатын осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамаққа алынған адамды босату туралы жазбахат береді.

      Гауптвахта бастығының хабарламасы бойынша әскери бөлім (мекеме) командирі көрсетілген уақытта қызмет орнына мерзімді қызмет әскери қызметшісімен бірге жүру үшін гауптвахтаға әскери бөлім (мекеме) өкілін жібереді, сондай-ақ оны тамақтандыруды және маусым бойынша киіммен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қамаққа алынған адам қайтыс болған жағдайда кезекші ауысым бастығы ол туралы дереу әскери полиция органының кезекші бөліміне және гауптвахта бастығына баяндайды.

      Қамаққа алынған адамның қайтыс болуы туралы әскери полиция органының басшылығы дереу жазбаша әскери бөлімнің қолбасшылығына, қамаққа алынған адамның жеке ісінде көрсетілген жақын туыстарына хабарлайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларына 3, 6, 14 және 15-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықтың (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2023 жылғы 9 қазандағы
  № 1008 бұйрығына
  1-қосымша
  Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларына
  3-қосымша

      Нысан

Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналы

      20___жылғы "____" ________ басталды.

      20___жылғы "____" ________ аяқталды.

Р/с №

Гауптвахтаға қамаққа алған күнi мен уақыты

Лауазымы, әскери атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

Әскери бөлiм нөмiрi

Кiм ұстады (қамаққа алды)

Ұстау себебi (қамаққа алу, не үшiн қамаққа алды)

Қай мерзiмге және қандай камерада
ұсталады

1

2

3

4

5

6

7








      Кестенің жалғасы

Қабылданған құндылық

Ұстау (қамаққа алу) мерзiмi қашан аяқталады

Қамаққа алынғанды қабылдау кезiнде медициналық тексеру уақыты, моншада жуыну және денесiн қарап-тексеру туралы жазба (медицина қызметкерiнiң қолтаңбасы)

Гауптвахтадан босату туралы жазбаның күнi мен уақыты

Гауптвахтаға қабылдау кезiнде құндылықты тапсырғаны туралы қолтаңбасы

Гауптвахтадан босатылған кезде құндылықты алғаны туралы қолтаңбасы

8

9

10

11

12

13







      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2023 жылғы "9" қазандағы
  № 1008 бұйрығына
  2-қосымша
  Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларына
  6-қосымша

      Нысан

Қамаққа алынған адам туралы мәліметтерді есепке алу журналы

      20___жылғы "____" ________ басталды.

      20___жылғы "____" ________ аяқталды.

Р/с№

Келіп түскен күні және уақыты

ә/б, орналасуы, бағыныстылығы, ә/б командирі

Сауалнамалық деректер (Т.А.Ә. (болған кезде) туған күні және жері, білімі, отбасылық жағдайы, тұрғылықты жері, лауазымы, қандай ҚІД шақырды және қашан)

Санаты

Фабула

Істі қараған сот

Сот қаулысының № және күні

Біліктілігі

Қамаққа алу мерзімі (тәулік)

Босатылған күні және уақыты

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2023 жылғы "9" қазандағы
  № 1008 бұйрығына
  3-қосымша
  Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларына
  14-қосымша

      Нысан

Қамаққа алынған адамды көтермелеу мен жазалауды есепке алу кітабы

      20___жылғы "____" ________ басталды.

      20___жылғы "____" ________ аяқталды.

I бөлік Жазалауға ұшыраған адамдарды есепке алу

Р/с

Т.А.Ә. (болған кезде)

Жазалау не үшін қолданылды

Жазалау түрі

Кім және қашан жазаны қолданды

Ескертпе

II бөлік Гауптвахта әкімшілігі көтермелеген адамдарды есепке алу

Р/с

Т.А.Ә. (болған кезде)

Көтермелеу не үшін қолданылды

Көтермелеу түрі

Кім және қашан көтермеледі

Ескертпе

      Ескертпе: Кітап нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Кітап гауптвахтаның кезекші ауысым бастығында сақталады.

  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2023 жылғы "9" қазандағы
  № 1008 бұйрығына
  4-қосымша
  Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларына
  15-қосымша

      Нысан

Қамаққа алынған адамды босату туралы жазба

Әскери полиция органының мөртаңбасы


Кезекші ауысым бастығы _________________________________________________ _________________________________________________ (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) қамаққа алынған _________________________________________________ (қамаққа алынған адамның әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ____________________________ босатылсын. (уақыты, күні, айы, жылы)

            Негіз: _________________________________________________________




______________ гарнизоны әскери полиция органының гауптвахта бастығы ___________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары) 20___ ж. "____" ____________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады