Зеренді ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 11-75 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Р.Ғабдуллина

  Зеренді аудандық мәслихатының
2023 жылғы 23 қараша
№ 11-75 шешіміне
қосымша

Зеренді ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

208,72

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

217,06

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

3339,46


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады