Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық мәслихатының төрайымы | Г.Сәдуақасова |
Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 8С-7/4 шешіміне қосымша |
Шортанды ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жайлы үй иелігі | 1 тұрғыннан айына | 470,00 |
Жайлы емес үй иелігі | 1 тұрғыннан айына | 510,62 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 текше метр | 3481,50 |