Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 21 мамырдағы № 455 және "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 5 мамырдағы № 375 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 626 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі істер органдарында нысанды киіммен қамтамасыз ету, сақтау, есепке алу және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18725 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының автокөлік бөліністерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20588 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты орналастырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      ______________________

      2023 жылғы "___"______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады