Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 264 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына, "Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 344 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33314 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. "Арнайы комиссия туралы ережені бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3809 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 9 қазандағы
№ 264 қаулысымен бекітілген

Арнайы комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) арнайы комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасылардың) өтінішін қарау бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Комиссия аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарында ұйымдастырады.

      4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      5. Комиссияның қызметін бақылауды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.

2-тарау. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      6. Комиссияның негізгі міндеті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағының негізінде жергілікті өкілді органдар бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.

      7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, осы ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.

3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.

      9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады.

      Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.

      10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары төраға болып табылады.

      Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

      11. Жергілікті уәкілетті орган - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссия хатшысының міндеті осы бөлімнің маманына жүктеледі.

      12. Комиссия жергілікті уәкілетті органнан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.

      13. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.

      14. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

      15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген мерзімде жергілікті уәкілетті органға беріледі.

      Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.

      16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес бекітетін әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын басшылыққа алады.

  Арнайы комиссия туралы
Ережеге қосымша
  нысан

Арнайы комиссияның қорытындысы

      20____ ж. "____" ________ № ____

      Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, адамға (отбасыға) мұқтаж болуына байланысты төмендегідей себептер бойынша:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы) әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Әлеуметтік көмек мөлшері _______ ________________ теңге.

      (сомасы жазбаша)

      Комиссия төрағасы: _____________________________________________

      Комиссия мүшелері: ____________________________________________

      ___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________ (қолдары) (Т.А.Ә. (бар болса)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ____ данада 20____ ж. "____" ________

      қабылданды ________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған жергілікті уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы, қолы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады