Алға қаласы "Подхоз" тұрғын үй алабының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 173 қаулысы және Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 45 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылдың 17 мамырындағы № 1 қорытындысы және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Алға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алға қаласы "Подхоз" тұрғын үй алабының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшеге – "Сарыарқа" көшесі;

      атауы жоқ көшеге – "Теректі" көшесі;

      атауы жоқ көшеге – "Алаш" көшесі;

      атауы жоқ көшеге – "Құмжарған" көшесі;

      атауы жоқ көшеге – "Сайрам" көшесі.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысын және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Ержанов
      Алға аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Тулеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады