"Қарғалы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 36 қаулысы

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарғалы ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған ереже бекітілсін.

      2. "Қарғалы ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев

  Қарғалы ауданы әкімдігініңінің
2023 жылғы 23 ақпандағы
№ 36 қаулысымен бекітілген

"Қарғалы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарғалы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Бөлім) Қарғалы ауданының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қарғалы ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайырхан, № 38

      10. Осы Ереже "Қарғалы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) республикалық және жергілікті бюджеттерден түсетін қаражат есебінен құрылыс жөніндегі инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға;

      әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары, ауданның даму стратегиялары мен басымдықтары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің, аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуге.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялар:

      1) қала құрылысы, құрылыс және жобалау-сметалық құжаттаманы белгіленген тәртіппен келісуге қатысу;

      2) объектілер мен кешендерді орналастыру жөнінде ұсыныстар енгізу, жерге орналастыру қызметімен бірлесіп, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін таңдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      3) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау, аудандық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;

      4) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілердің (кешендердің) есебін жүргізу;

      5) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

      6) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      7) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жобалауға тендерлер өткізуге қатысу;

      8) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халықты хабардар ету болып табылады;

      9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;

      10) аудандық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

      11) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз ету;

      12) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлімнің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде соттарда қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

      13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

3 тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады міндеттері мен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және босатылады.

      18. Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;

      2) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

      3) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      4) бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тіркеудің және есепке алудың жай-күйі үшін жеке жауаптылықта болады.

      Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны бөлімнің балансында көрсетілетін мүліктен тұрады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады