Қобда ауданы "Көк үй-Қобда-Көк үй" бағытындағы ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 353 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Қобда ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданы "Көк үй – Қобда- Көк үй" бағытындағы ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифін осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      2) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а. І. Тынымгереев

  Қаулыға қосымша

Қобда ауданы "Көк үй–Қобда-Көк үй" бағытындағы ауданішілік маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифі

Маршрут бағыты

Бірлік

Баға

1

Көк үй - Қобда

теңге

700

2

Жиренкопа - Қобда

теңге

600

3

Қызылжар - Қобда

теңге

500

4

Ақрап - Қобда

теңге

400

5

Жарық - Қобда

теңге

300


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады