Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 8 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округі әкімінің 09.10.2023 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 2-10-3/166 ұсынысы негізінде, Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:

      1. Тапсырылған Вирусологиялық құтыруға: ми сынамасының ИФА, ДПР, Биосынаманың бактериологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетуіне байланысты және "Қобда аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының 05.07.2023 жылғы эпизоотологиялық зерттеу актісіне сәйкес, Қобда ауданы, Жарық ауылдық округі Жаманкөл ауылының "Ер-Темір" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарық ауылдық округінің әкімі Е. Имангазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады