Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 194 "2023 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 71 шешімі

      Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының "2023 жылға арналған Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 194 шешіміне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 176376 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №126 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 183404 болып тіркелді) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 85702 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Займолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады