"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Кербұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 29 маусымдағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1) Бахтиярская көшесін "Бауыржан Момышұлы" көшесіне;
2) Лермонтов көшесін "Әлия Молдағұлова" көшесіне;
3) Молодежная көшесін "Абай Құнанбайұлы" көшесіне;
4) Солнечная көшесін "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне;
5) Студенческая көшесін "Нұрғиса Тілендиев" көшесіне атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі | М. Жазиев |