БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпараттарды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 32 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 21-НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 12 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпараттарды беру қағидаларында:
реттік нөмірі 1 "Деректердің атауы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
№ | Деректердің атауы |
1 |
Деректері бар электрондық шот-фактуралар, оның ішінде: |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) (Д.Е. Жанәлінов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін осы бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы көшірмені мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Комитет (Д.Е. Жанәлінов) және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (А.А. Шаққалиев) заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Комитеттің және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуы үшін бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасары мен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы _______Д. Жанәлінов |
Қазақстан РеспубликасыныңСауда және интеграциябірінші вице-министрі________А. Шаққалиев |