"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 595 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН: 

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      157) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "157) осы бұйрыққа 157-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтай қаласы – Алтай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын:";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Александр Несмиянов көшесі, 11 үй.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Басқарманың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Курчатов қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      14-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-2) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Катон-Қарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын:";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың орналасқан жері: пошта индексі 070900, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Амангелді көшесі, 61 үй.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Басқарманың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Катонқарағай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Глубоков ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын:";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Басқарманың толық атауы: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Глубокое ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      14-тармақта:

      2) тармақшаның жиырма бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;";

      15-тармақта:

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Шығыс-Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының (бұдан әрі – Департаменттер) басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрықты Департаменттердің және олардың аумақтық органдарының интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (М.С. Қыстаубаева) осы бұйрықты Департаменттердің және олардың аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің төрағасы
Ж. Дүйсембиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады