"Жамбыл облысында 2023 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 35 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 284 қаулысы

      Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жамбыл облысында 2023 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 35 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4987 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады