Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Талас ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Талас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Талас ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | К. Садубаев |
Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №9-5 шешіміне 1 қосымша |
Талас ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Реттік сан | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объентілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,83 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқты | 1 орын | - |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | - |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,65 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,25 |
6 | Емханалар, медициналық орталық | 1 келіп кету | 0,06 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,45 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,41 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,32 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханала, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,09 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м2 | 0,02 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,43 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,43 |
14 | Азық-түлік жігн өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1м2 | 0,72 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1м2 | 2,21 |
16 | Базарлар,сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер | Сауда алаңы 1м2 | 0,72 |
17 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м2 | - |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м2 | - |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м2 | - |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сыпырысындысы | Жалпы алаңы 1м2 | - |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м2 | 0,63 |
22 | Автотұрақтар,автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,49 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,9 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
25 | Шаштараз, косметикалық салондар | 1 жұмыс орын | 2,25 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмсыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м2 | 0,30 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,20 |
28 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқты) | 1 жұмыс орны | 0,16 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м2 | 0,07 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 0,03 | |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №9-5 шешіміне 2 қосымша |
Талас ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Жинау және тасымалдау | Сұрыптау | Көму | Барлығы |
Құны (қосылған құн салығынсыз) | ||||
Тұрғындар үшін 1 адамға айына | 125,26 | 8,73 | 15,81 | 149,8 |
Жеке тұлғалар үшін м3 | 1811,00 | 126,22 | 228,56 | 2 165,78 |
Заңды тұлғалар үшін оның ішінде жеке кәсіпкерлерге м3 | 1811,00 | 126,22 | 405,91 | 2 343,11 |