Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 02.07.2024 № 7 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №756 қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Айхын Қылышұлы Елеусізов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 19 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Жаңаарқа ауданының әкімі | Қ.Ш. Қожықаев |