Алакөл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 13 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, 2023 жылғы 4 сәуірдегі Алакөл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссия отырысының №3 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Алакөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Д.О.Қанағатов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Абдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады