Жетісу облысы Қаратал ауданы бойынша объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 03 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Қаратал ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 03 сәуірдегі кезектен тыс отырысының № 3 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Жетісу облысы Қаратал ауданы аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайлардың алдын алуға басшы етіп өзімді тағайындаймын.

      3. "Қаратал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауданының әкімі Ұ.Досымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады