Сарыбастау ауылдық округінің Архарлы ауылындағы, Малайсары ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 17 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес,Архарлы, Малайсары ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 11 мамырдағы қорытындысы негізінде Сарыбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыбастау ауылдық округінің Архарлы ауылының атауы жоқ көшесіне Жетісу атауы;

      2. Сарыбастау ауылдық округінің Малайсары ауылының атауы жоқ көшесіне Малайсары батыр атауы берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыбастау ауылдық округінің әкімі Н.Нұрланов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады