Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында жалпы ұзындығы 0,630 км талшықты-оптикалық байланыс желісін /ТОБЖ/ төсеу және пайдалану үшін байланыс тіректерін орналастыруға арналған ауданы 0,0064 га жер учаскесіне 5(бес) жыл мерзімге мемлекеттік тіркеуші органда одан әрі тіркеу арқылы жария сервитут белгіленсін.
2. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне шығындарды өтеуді және оларды өтеу тәртібін қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
2) Жер учаскесін пайдалану мен ауыртпалыққа шектеулер белгіленсін: санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі | А.Асылхан |