Жаркент қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Жетісу облысы Панфилов ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 тамыздағы № 8-6-37 бірлескен шешімі және Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 343 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Жаркент қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2023 жылдың 11 мамырындағы Жетісу облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаркент қаласының келесі көшелері:

      1) 4- ықшам ауданы "№ 2" көшесі "Евгений Куликов" көшесі;

      2) 3- ықшам ауданы "№ 3" көшесі "Нүсіпбек Сауранбаев" көшесі;

      3) 4- ықшам ауданы "№ 4" көшесі "Шыңғыс Сәтқалиев" көшесі;

      4) 3- ықшам ауданы "№ 4" көшесі "Ыбрайымжан Қожахметов" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі мен Панфилов аудан әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт, жастар ісі мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі және Панфилов ауданының әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Е. Шоқпаров
      Аудан әкімі М. Сағымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады