ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 30.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"1. Жер мониторингі" және "2. Жем-шөп алқаптарын геоботаникалық зерттеу" тараулары алып тасталсын;
"3. Топырақ бонитировкасы" тарауында:
13-параграф алып тасталсын;
"4. Жер санын есепке алу" тарауында:
21-параграф. "Топырақ зерттеу материалдары бойынша жер учаскесінің топырақ бонитетінің орташа балын есептеу" алып тасталсын;
22-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
"22-параграф. "Жер-кадастрлық істерді сканерлеу
60-кесте
Өлшем бірлігі – 10 жер-кадастрлық іс
Р/с№ | Жұмыс атаулары | ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 | 2 | 3 |
1. | Архивтен жер-кадастрлық істі (ЖКІ) алу, іріктеу, толықтығын тексеру. | 424 |
2. | Сөгіп ашу (ЖКІ) | 995 |
3. | Сканерлеу (ЖКІ) | 1420 |
4. | Тігу (ЖКІ) | 1130 |
5. | Сканерленген ЖКІ тізілімін есепке алу және құру, оларды ақпараттық жүйеге беру және жүктеу | 408 |
Жиыны | 4377 |
Ескерулер:
ҚҚС қоспағанда, бағасы";
23-параграфтың тақырыбы мындай редакцияда жазылсын:
"23-Параграф. Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу";
23-параграфтың 132-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
132. Жобаланатын жер учаскесінің орналасқан орнының (жерге орналастыру объектісінің шекаралары және олардың координаттары) мемлекеттік жер-кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкестігін тексеру.";
24-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
"24-параграф. МЖК деректерінің базасын өзектілендіру
62-кесте
Өлшем бірлігі – жер учаскесі
Р/с№ | Жұмыстардың атаулары | ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1. | Электрондық деректер базасына енгізу үшін алынған ақпаратты жүйелендіру |
|
2. | Ақпараттық жүйеге деректерді енгізу | 280 |
Жиыны | 306 |
Ескерулер
ҚҚС – қосылған құн салығы";
"26-параграф. "Аудандардың, есепті кварталдардың кадастрлық карталарын жасау және кварталдағы жер учаскесін кодтау
Ауданның электрондық жер-кадастрлық картасын жасау
64-кесте
Р/с № | Жұмыс түрлерінің атауы | Өлшем бірлігі | ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Аудан аумағына фотопланшеттерді іріктеу (масштаб 1:10000; масштаб 1:25000; масштаб 1:50000) | аудан | 10449 |
2. | Аудан аумағына фотопланшеттерді орналастыру схемасын жасау. | аудан | 6940 |
3. | Фотопланшеттерді сканерлеу | фотопланшет | 621 |
4. | Фотопланшеттердің растрлық бейнелеріне координаттық торды түсіру | фотопланшет | 2763 |
5. | Фотопланшеттің растрлық бейнесін тегістеу мен тіркеу және оның жиек сыртын безендіру | фотопланшет | 621 |
6. | Есепті кварталдардың шекараларын айқындау және координаталардың жиынтық ведомосын жасау | квартал | 10449 |
7. | Квартал шекараларының қатты бұрылыс нүктелерінің координаталарын электрондық деректер базасына енгізу | квартал | 841 |
8. | Шекараларды табиғи шатқалдар бойынша векторлау | квартал | 841 |
9. | Ауданның электрондық жер-кадастрлық картасын ресімдеу | карта | 6940 |
10. | Орындалған жұмыстарды техникалық бақылау | аудан | 6940 |
11. | Плоттерде ауданның жер-кадастрлық картасын басып шығару | шаршы метр | 841 |
12. |
Атқарушы билік органдарында | аудан | 23546 |
13. | Карталарды ақпараттық жүйеге беру | аудан | 6941 |
Ескерулер:
ҚҚС қоспағанда, бағасы
135. Жұмыстың мазмұны: бағбандық серіктестігіне бөлуді қалыптастыру бойынша тапсырма алу, техникалық істерді іріктеу, олардың шекараларын жоспарлы негізге түсіру; жер балансынан елді мекендегі жер учаскелерінің санын іріктеу; су және желілік объектілердің, ауыл шаруашылық және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын объектілердің техникалық істерін іріктеу; ауданның, есепті кварталдың аумағына топографиялық карта іріктеу; карта парақтарын, аумағына фотопланшеттерді орналастыру схемасын құру; топографиялық карталар парақтары мен фотопланшеттерді сканерлеу; растрлық бейнелерді тігу; есепті кварталдар саны мен олардың шекараларын анықтау, координаталардың жиынтық тізімдемесін және есепті кварталдардың орналасуының шолу схемасын жасау; аудан шекараларының қабатын, есепті кварталдардың шекараларын, координат торларының қабатын, жазбаларды және жиек сыртын безендіруді жасау; орындалған жұмыстарды техникалық бақылау; материалдарды келісуге дайындау және оларды көбейту; жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша ақпараттардың көшірмелерін жасау және оларды аудандық филиалдарға беру; атқарушы билік органдарында кадастрлық карталарды бекіту.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде қалыптастырылған есепті кварталдың электрондық жер-кадастрлық картасын жасау 2-бөлімшеде 65-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
"65-кесте
Р/с № | Жұмыс атаулары | Өлшем бірлігі | ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Ауданның растрлық картасынан есепке алынған кварталдың растрлық негізін дайындау | квартал | 3528 |
2 | Ауыл шаруашылығы алқаптарының шекараларын, гидрография, жол және инженерлік желілердің негізгі элементтерін векторлау | планшет | 21634 |
3 | Жергілікті орында бұрын белгіленген және координаталары мен кадастрлық нөмірі бар жер учаскесіне жер-кадастрлық ақпарат дайындау | учаске | 1759 |
4 | Жер учаскесі шекарасының қатты бұрылыс нүктелерінің координаталарын енгізу және табиғи шатқалдар бойынша өтетін шекараларды векторлау | учаске | 765 |
5 | Орындалған жұмыстарды техникалық бақылау | квартал | 7084 |
6 | Есепті кварталдың электрондық жер-кадастрлық картасын ресімдеу | карта | 7084 |
7 | Плоттерде есепті кварталдың жер-кадастрлық картасын басып шығару | ш.метр | 841 |
8 | Бөлінген учаскеге фотопланшеттер номенклатурасын айқындау, оның орналасқан орнын есепті кварталдың жер-кадастрлық картасына көшіру | учаске | 841 |
9 | Картаны ақпараттық жүйеге беру | квартал | 1759 |
Ескерулер:
ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен
3-бөлімше. Қалалар мен елді мекендердің жерлерінде қалыптастырылған есепті кварталдың электрондық жер-кадастрлық картасын жасау
66-кесте
Р/с № | Жұмыстардың атаулары | Өлшем бірлігі | ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Топографиялық жоспарларды іріктеу | планшет | 10124 |
2 | Орналастыру схемасын жасау | схема | 1224 |
3 | Топографиялық жоспарларды сканерлеу | планшет | 2686 |
4 | Түсірілімнің растрлық бейнесін тегістеу және тіркеу | түсірілім | 1377 |
5 | Есепті кварталдың электрондық жер-кадастрлық картасын ресімдеу (көшелер мен бұрылыстардың жазылуын, алаңдардың және басқа да адрестік белгілер - тұрғын үй кварталдарындағы бұрыштарда орналасқан үйлердің нөмірлерін жазу) | квартал | 28642 |
5 | Жергілікті орында бұрын белгіленген және кадастрлық нөмірі бар жер учаскесіне жер-кадастрлық ақпарат дайындау | учаске | 1759 |
6 | Елді мекенге барып, жер учаскесінің орналасқан орнын есепті кварталдың жер-кадастрлық картасында белгілеу | учаске | 841 |
7 | Жер учаскесінің шекарасын есепті кварталдың электрондық жер-кадастрлық картасына енгізу | учаске | 459 |
8 | Орындалған жұмыстарды техникалық бақылау | квартал | 7007 |
9 | Есепті кварталдың электрондық жер-кадастрлық картасын ресімдеу | карта | 7007 |
10 | Плоттерде есепті кварталдың жер-кадастрлық картасын басып шығару | шаршы метр | 841 |
11 | Бөлінген учаскеге арналған фотопланшеттер номенклатурасын айқындау, оның орналасқан орнын есепті кварталдың жер-кадастрлық картасында көшіріп белгілеу | учаске | 841 |
12 | Картаны ақпараттық жүйеге беру | квартал | 1759 |
4-бөлімше. Бағбандық кооперативтердің (серіктестіктердің) жерінде қалыптастырылған есепті кварталдың электрондық жер-кадастрлық картасын жасау
67-кесте
Р/с № | Жұмыс атаулары | Өлшем бірлігі | ҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Бағбандық кооператив аумағын ұйымдастыру схемасын жасау | квартал | 36309 |
2 | Схеманы сканирлеу | схема | 2677 |
3 | Есепті кварталдың электрондық жер-кадастрлық картасын ресімдеу (көшелер мен бұрылыстардың жазылуын, басқа да адрестік белгілер – бағбандық кварталдарда бұрыштарда орналасқан саяжай учаскелерінің нөмірлерін жазу) | квартал | 21510 |
4 | Жергілікті орында бұрын белгіленген және кадастрлық нөмірі бар жер учаскесіне жер-кадастрлық ақпарат дайындау | учаске | 1759 |
5 | Бағбандық кооперативке барып, саяжай учаскесінің орналасқан орнын есепті кварталдың жер-кадастрлық картасында белгілеу | учаске | 841 |
6 | Саяжай учаскесінің шекарасын есепті кварталдың электрондық жер-кадастрлық картасына енгізу | учаске | 459 |
7 | Орындалған жұмыстарды техникалық бақылау | квартал | 7084 |
8 | Есепті кварталдың электронды жер-кадастрлық картасын ресімдеу | карта | 7084 |
9 | Плоттерде есепті кварталдың жер-кадастрлық картасын басып шығару | ш.метр | 841 |
10 | Бөлінген учаскеге арналған фотопланшеттер номенклатурасын айқындау, оның орналасқан орнын есепті кварталдың жер-кадастрлық картасында көшіріп белгілеу | учаске | 841 |
11 | Картаны ақпараттық жүйеге беру | квартал | 1759 |
Ескерулер:
ҚҚС – қосылған құн салығы.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б.Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі