Қарағанды облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 51/03 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 77 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11–бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы – Атамекен ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осакаров ауданының келесі ауылдық округтері мен ауылдарының аты қайта аталсын:

      Звездный ауылдық округі – Жұлдыз ауылдық округіне;

      Тельман ауылдық округі – Нияз ауылдық округіне;

      Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз ауылына;

      Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды ауылына;

      Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар ауылына;

      Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл ауылына;

      Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылына.

      3. Осы бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев
      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады