2023 - 2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 52/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" 122 бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023-2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізбесі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының білім басқармасы", "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін азаматтармен жасалған шарттардың тиісті орындалуын;

      2) осы қаулыны Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдауын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 52/02
қаулысына 1-қосымша

2023-2024 оқу жылы жоғары бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындар тізбесі (жергілікті бюджет есебінен) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі

р/с

Жоғары оқу орнының атауы

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Білім беру бағдарламалары топтарының коды және атауы

2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы-ның көлемі (орын саны)

1

"Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

6B01 Педагогикалық ғылымдар

В003 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

3

В015 - Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау

3

В017 - Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

5

В018 –Шетел тілі мұғалімдерін даярлау

6

В020 - Арнайы педагогика

3

Барлығы:

20

Жиыны:

20

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2023 жылғы 31 шілдедегі
№ 52/02
қаулысына 2-қосымша

2023-2024 оқу жылы жоғары білімнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылатын жоғары оқу орындар тізбесі (жергілікті бюджет есебінен) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

р/с

Жоғары оқу орынның атауы

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Мамандықтың атауы

2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны)

1

"Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

R032 Акушерлік және гинекология ересектер, балалар

5

R017 Анестезиология және реаниматология ересектер, балалар

5

R137 - Неврология ересек, балалар

5

R120 - Нейрохирургия ересек, балалар

4

R031 Неонатология

5

R141 - Шұғыл медицина ересектер, балалар.

2

R136 – Жалпы хирургия

5

R128 - Оториноларингология ересек, балалар.

5

R127 - Офтальмология ересек, балалар

5

R113 - Психиатрия ересек, балалар

2

R134 - Сот-медициналық сараптама

2

R039 - Терапия

5

R125 - Травматология- ортопедия ересектер, балалар.

5

Барлығы:

55

2

"Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

R123 – Балалар хирургиясы

5

R030- Педиатрия

5

R134 - Сот-медициналық сараптама

2

R141 - Шұғыл медицина ересектер, балалар.

3

Барлығы:

15


"Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

R118 - Кардиохирургия ересектер, балалар

2

Барлығы:

2

Жиыны

72


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады