Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 56/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес және "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 04/895 хаты негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қарағанды облысы Теміртау қаласы 6-ықшамаудандағы базар бойындағы ТК-10-нан бастап ТК-4а-ға дейінгі жылу желілерін Металлургтер даңғылынан Темиртауская көшесіне дейін жерасты орындауында реконструкциялау үшін, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, жалпы ауданы 0,3030 га жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі О. Таурбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады