"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Талсуат ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысы негізінде Талсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Талсуат ауылдық округінің Талсуат ауылындағы Атырау көшесі Шаршыбек Ерназаров көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Жылқыбай |