Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ноғаев |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
"1" тамыз 2023 жылғы | |
№ 109 қаулысына қосымша |
Жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың 2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы | 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі | Оқу жылына 1 маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар құны (теңге) күндізгі оқыту | |
ұлттық жоғары білім беру ұйымдарында | басқа жоғары білім беру ұйымдарында | ||||
1 | Бакалавриат 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
| 10 | 1 049 300 | 922 500 |
| Бакалавриат 6B10 Денсаулық сақтау | 6B101 Денсаулық сақтау | 165 | 1 188 000 | 1 001 000 |
3 | Резидентура 7R01 Денсаулық сақтау (медицина) | 7R011Денсаулық сақтау | 33 | 1 939 900 | 1 398 900 |