Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 18 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес "Ak Su KMG" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қарақия ауданы, "Тоқмақ" жерінен Су тұщыту зауытынан шыққан тұщы су құбырын жүргізу үшін жалпы көлемі 213,3820 гектар, оның ішінде жайылымы 170,2 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Беков

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 30 қаңтардағы
  № 18 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

1

М.Б.Избасов

9,1098

2

Б.Н.Сактаганов

24,7790

3

Б.Ш.Жылкыбаев

4,3325

4

Н.Ж.Айтешов, Н.Б.Айтешова, А.Б.Айтешов

14,4202

5

ш/қ Бастау

3,3472

6

С.К.Темирханов

9,2220

7

ш/қ Арайлым

30,3173

8

К.К.Аманов

13,8784

9

Босалқы жер қоры

103,9756


барлығы

213,3820


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады