Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 121 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KMG BARLAU" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қарақия ауданы, "Құр-Қызылсай" жерінен сейсмикалық іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу үшін 29456 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Беков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады