Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172, № 173 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2023 жылғы 25 сәуірдегі | |
№ 743 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, 16.08. ЖК-дан 19.06 АТ-ға дейін ТМ-19 жылу магистралі мекенжайы бойынша "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,3620 гектар;
2) Қостанай қаласы, Чкалов көшесі бойынша ТМ-23 жылу магистралі (14.07 АТ-дан 23.09 ЖК-ға дейін) мекенжайы бойынша "Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнының инженерлік желілеріне қызмет көрсету үшін, жалпы алаңы 0,3815 гектар.