Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 1688 қаулысы

      Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен "Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлау;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаев

  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2023 жылғы 23 тамыздағы
  № 1688 қаулысына
  қосымша
  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2017 жылғы 21 сәуірдегі
  № 1256 қаулысымен
  бекітілген

"Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала бюджетін атқару, бюджеттік есепті және қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98.

      10. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) түсімдер мен шығыстар бойынша қалалық бюджетті атқару;

      2) қалалық бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті, мониторингті жүргізу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және өзге де ұйымдардан "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпарат, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;

      жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша секвестр белгіленетін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асыруды тоқтата тұру;

      қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

      қалалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелермен Қазақстан Республикасының қалалық бюджеттің орындалуы туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыру.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) қалалық бюджетті атқаруды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіру;

      2) бюджеттік ақшаны басқаруды жүзеге асыру;

      3) төлемдер бойынша түсімдер және қаржыландырудің жиынтық жоспарын, қалалық бюджеттің міндеттемелері бойынша жиынтық жоспарды құрастыру, бекіту;

      4) түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, қалалық бюджеттің міндеттемелері бойынша жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу;

      5) қалалық бюджеттің атқарылуына бюджеттік есеп жүргізу, қаржылық және шоғырландырылған қаржылық есептілік;

      6) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;

      7) бюджеттік кредиттердің тіркелуін, есепке алуды, мониторингті қамтамасыз ету, бюджеттік кредиттерді өтеуді және қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

      8) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қостанай қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық және нормативтік емес актілерінің жобаларын дайындау және келістіру;

      9) өз құзыреті шегінде бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қалалық бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды қамтамасыз ету.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын лауазымына Қостанай қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

      барлық ұйымдарда "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікті басқарады;

      шарттар жасасады;

      сенімхаттар береді;

      қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

      барлық қызметкерлерге орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      әкімдік актілерінің жобаларын дайындау кезінде оның "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік емес құқықтық акті немесе нормативтік құқықтық акті болып табылатынын анықтайды;

      әзірлеуші органы мемлекеттік мекеме болып табылатын әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, қабылдау және кейіннен мемлекеттік тіркеу барысына тікелеу бақылау жасайды;

      жобалардың уақтылы, сапалы әзірленуіне, ресімделуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сонымен қатар жобалардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің түпнұсқалылығына дербес жауапты болады.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4 - тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады