"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2023 жылғы 20 наурыздағы № 197 қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |
Әкімдіктің | |
2023 жылғы 16 тамыздағы | |
№ 754 қаулысымен | |
бекітілді |
"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемелері бар:
1) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Пионерская көшесі, 21 үй.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Бөлімнің басқаруындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Бөлім мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс, қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
15. Функциялар:
1) құзыреті шегінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға арналған бюджеттік қаражат қажеттілігін болжау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
7) тұлғаға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімді қабылдау;
8) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, хабарламаларын, өтініштері мен ұсыныстарын қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
10) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
12) мүгедектігі бар адамдарды оңалту, қоғамға кіріктіру және біріктірілген арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
13) Рудный қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
14) көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер тұлғалардың (отбасының) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару жөніндегі консультациялық-кеңесші ведомствоаралық арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
15) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген тұлғалардың жұмыс тәжірибесін белгілеу үшін арнаулы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
16) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәлік беру үшін арнаулы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
17) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) директорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады:
"Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің;
Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің;
Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің.
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
4) бұйрықтарды шығарады және Бөлімнің барлық жұмыскері үшін орындалуға міндетті нұсқаулар береді;
5) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
6) белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде Бөлім мен ведомстволық бағынысты мекемелері жұмыскерлерінің штат кестесін бекітеді;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және Бөлімнің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қаражаты мен мүлігін басқарады;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бөлімнің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.