"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген мәслихаттың Үлгілік регламентінің 79-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Мәслихаттың 2016 жылғы 10 тамыздағы № 43 "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Арқалық қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Елтебаева |
Мәслихаттың | |
2023 жылғы 21 сәуірдегі | |
№ 16 шешімімен | |
бекітілген |
"Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Арқалық қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Арқалық қалалық мәслихатын (бұдан әрі – мәслихат) және оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдаструшылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29.
10. Осы ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мәслихат аппаратының мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары: мәслихаттың, оның органдарының және депутаттардың ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, сессиялық және өзге де қызметін қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жассу және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, мәліметтерді, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мәслихат аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтардың болуы;
2) міндеттері:
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуына қамтамасыз ету;
мәслихат депутаттарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
аппараттың жұмысын жоспарлау, мәслихат пен оның органдарының отырыстарын, кеңестерін, семинарларын және мәслихаттың басқа да іс-шараларын өткізу, оларды дайындауды және өткізуді ұйымдастыру;
мәслихат пен оның органдарының отырыстарына қатысу;
депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихат пен оның органдарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихаттың басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
мәслихат пен оның органдарының қызметін интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз ету;
мәслихаттың қарауына келіп түскен шешімдердің жобалары бойынша жұмыс жасау;
мәслихат депутаттарының заңнамада белгіленген құзыреттерді іске асыруына көмек көрсету;
мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың кадр мәселелерін шешуді қамтамасыз ету;
мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынылған өкілеттіктер шегінде мәслихат пен оның органдарының мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылын жүзеге асырады;
мәслихат пен оның органдарының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
депутаттардың, мәслихаттың тұрақты, уақытша және өзге де комиссияларының ұсыныстары негізінде мәслихат жұмысының перспективалық жоспарларын құрады, оның қызметі туралы есептер дайындайды;
мәслихат депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
сессияларда қаралатын мәселелерді мәслихаттың тұрақты, уақытша және өзге де комиссияларының отырыстарында алдын ала талқылауды ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер мен қорытындылардың жобаларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсетеді, мәслихат сессияларының және оның органдарының хаттамаларын жүргізеді;
мәслихат актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жібереді;
әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша материалдар дайындауға қатысады, депутаттарды оқытуды жүзеге асырады, барлық деңгейдегі мәслихаттардың озық жұмыс тәжірибесін жинақтайды және практикаға енгізеді;
өз құзыреті шегінде мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынылған өкілеттіктер шегінде қарайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мәслихат төрағасының, мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат төрағасы жүзеге асырады.
17. Мәслихат төрағасы мәслихат сессиясында депутаттар арасынан депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады және қызметінен босатылады.
18. Мәслихат төрағасының орынбасарлары жоқ.
19. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасауды қаматамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттараға қол қояды;
мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
депутаттардың сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қатынастарда мәслихат атынан өкілдік етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Мәслихат төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты жүзеге асырады.
20. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
1. Мәслихат аппаратының мүлкі
21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
2. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.