Шектеу іс-шараларын тоқтату және Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 науырыздағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 10 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 03 қазандағы № 01-22/486 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі Диев ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 науырыздағы № 2 шешімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179303 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Диев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Руспубликасы нормативтік құқықтық актілерінің этанондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      М. Досмурзин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті

      Қостанай облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      департаменті Әулиекөл аудандық

      санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысының м.а

      _____________ Л. Жунусова

  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрлігі
  Ветеринариялық бақылау және
  қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
  аудандық аумақтық инспекциясы"
  мемлекеттік мекемесі басшысы
  ____________ А. Тайшыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады