Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданының Жітіқара қаласының аумағында орналасқан ауданы 0,225 гектар жер учаскесіне қырық сегіз жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің міндетін атқарушы | К. Жиналинов |