Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қантардағы № 375 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 40 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 27.12.2023 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 13 қантардағы № 375 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8910 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:

      4-тармақта:

      "аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы Н. Уразалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады