Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 298 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8897 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
оныншы абзац алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Искаков |