Жер учаскісіне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 10 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, аудан әкімі Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі ШЕШТІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай облысы Қамысты ауданының Адаевка және Бестөбе ауылдарын қосумен Қамысты – Алтынсарино жоғары қысымды газ құбырын ұстау және пайдалану" мақсатымен, Қамысты ауданы, Қамысты ауылдық округі аумағында орналасқан ауданы 1,8843 га жер учаскелеріне қоғамдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет желілерінде жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Тлеубергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады