"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 2 қазандағы № 01-20/351 ұсынысы негізінде Қособа ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Славен ауылының "Б.Гаспарян" ЖК/ШҚ аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қособа ауылдық округі әкімінің "Славен ауылының "Б.Гаспарян" ЖК/ШҚ аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 24 тамыздағы № 8 шешімі күші жойылды деп танылсын.
3. "Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Руспубликасы нормативтік құқықытық актілерінің этанондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз атымда қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қособа ауылдық округінің әкімі | Е. Бисекеев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Қарабалық аудандық
аумақтық инспекциясы" ММ басшысы
__________________ М. Балмагамбетова
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы әкімдігі ветеринария
басқармасының "Қарабалық ауданының
Ветеринариялық станциясы" КМК
басшысының м. а.
_______________________ У. Тумурзин
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық - эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай облысының
санитариялық – эпидемиологиялық
бақылау департаменті Қарабалық
аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы" РММ басшысы
_______________________ С. Каратаев