"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскесіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 1-ш шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Заречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты - оптикалық байланыс желісін жүргізумен пайдалану мақсатында, Қостанай ауданының Заречный ауылдық округі аумағында орналасқан, жалпы ауданы 0,162 гектар, 1 (бір) жыл мерзімге, өтеусіз негізде, жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай ауданының Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Заречный ауылдық округі әкімі Н. Исмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады