Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сарыкөл аудандық мәслихатының "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 318 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8944 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
оныншы абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Әбжамалов |