Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42, 45, 46, 47-баптарына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (ММ) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ мен "Сарыкөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ болып бөлу жолымен қайта аталсын.
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ болып қайта аталсын.
3. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ, "Сарыкөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ туралы ереже бекітілсін.
4. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" және "Сарыкөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемелеріне:
1) бір ай мерзімі ішінде әділет органдарында қайта тіркеуді жүргізсін;
2) осы қаулыдан туындайтын басқа шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл ауданының әкімі | А. Балғарин |
Әкімдіктің | |
2023 жылғы "2" тамыздағы | |
№ 160 қаулысына | |
қосымша |
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
1) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сарыкөл орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" мемлекеттік мекемесі;
2) "Сарыкөл ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сарыкөл аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Пушкин көшесі 97.
10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
14. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын актілері мен тапсырмаларына сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, іске асыру;
2) мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, сала проблемаларын шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.
3) мәдениет және тілдерді дамыту насихаттауды жүзеге асыру;
4) мәдениет және тілдерді дамыту қолдау және ынталандыру;
5) мәдениет және тілдерді дамытудың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту болып табылады;
6) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Сарыкөл ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру, аудан аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту үшін жағдай жасау; азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру бостандығына құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу; шығармашылық, мәдени қызмет, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру; демалыс саласын дамытуға, халықтың әртүрлі топтарының мәдени-демалыс қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру; аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын іске асыру, халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілдің іске асырылуы туралы хабардар ету болып табылады;
7) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 01.07.2024 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
қарамағында мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы мәселелер және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар аудан ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, сотта талапкер және жауапкер болу.
2) міндеттері:
мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу.
3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
16. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бөлімінің атынан өкілдік етеді;
2) Бөлімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
3) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
4) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде ғана бұйрықтар шығарады;
5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды және босатады және көтермелеу шараларын қолданады;
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
8) Бөлімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бөлімінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Әкімдіктің | |
2023 жылғы " 2 " тамыздағы | |
№ 160 қаулысына | |
қосымша |
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл ауылы, А. Свобода көшесі 1А.
9. Осы ереже дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне жататын актілері мен тапсырмаларына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, іске асыру;
2) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, сала проблемаларын шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
3) денешынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру;
4) денешынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
5) денешынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту болып табылады;
6) "Сарыкөл ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Сарыкөл ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
13. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
Өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, денешынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға;
Қарамағында денешынықтыру және спорт саласындағы мәселелер және денешынықтыру және спорт бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар аудан ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
Заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, сотта талапкер және жауапкер болу.
2) міндеттері:
Мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу.
14. Функциялар:
1) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асыру;
2) аудандық деңгейде спорт түрлерінен жарыстар өткізу;
3) әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
4) аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
5) аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
6) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі әдіскер біліктілік санаттарын беру, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі" мемлекеттік қызметін көрсету;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге міндетті.
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
15. Бөліміне басшылықты дене шынықтыру және спорт бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
16. Бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
17. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.
18. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан өкілдік етеді;
2) Бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
3) Бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
4) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде ғана бұйрықтар шығарады;
5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды және босатады және көтермелеу шараларын қолданады;
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
8) Бөлімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
19. Бөлімінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімнің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.