Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Сарыкөл ауданы Златоуст ауылының әкімі ШЕШТІ:
1. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында Сарыкөл ауданының Златоуст ауылының аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,4256 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Сарыкөл ауданының Златоуст ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауды;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Д. Нұғыманов |